Call-center 1411

You are here

Менің таңдауым

         Алматы облысы, Көксу ауданының Балпық би ауылының тұрғыны Зияданов Азамат Санатұлы 1995 жылы дүниеге келген. 2013 жылы  Жетісу мемлекеттік университетіне «дене шынықтыру және спорт» мамандығына түскен. 2018 жылы «Көксу ауданының халықты жұмыспен  қамту  орталығы» мемлекеттік мекемесіне  жұмыссыз  ретінде тіркеуге  тұрды. Жұмыспен  қамту  орталығына  тұрақты  жұмысқа орналастыру  мақсатында, кеңес  бере  отырып, нәтижелі жұмыспен қамтуды және  жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламаның   үшінші бағытты  бойынша жастар тәжірибесіне қатысуға жолдама берілді. 2018 жылдың 22 мамыр айынан бастап «Көксу ауданының дене шынықтыру және спорт» бөлімінде жастар тәжірибесінен  өтті. Жастар тәжірибесін аяқтағаннан кейін, Балпық ауылдық округіне спорт нұсқаушысы болып тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Аймақ: 
Алматы облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 21.06.2019