Call-center 1411

You are here

Өз арманын іске асыру

         Рахымжан Зібила, 1976 жылы 29 сәуірде туылған, Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенті, Тайманов көшесі № 23 үйде тұрады. Өтініш білдірген кезде халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған. 2018 жылдың мамыр айында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек"  бағдарламасы аясында, "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсын өтті. 2018 жылдың қыркүйегінде "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ арқылы 6 млн.теңге көлемінде шағын несие алды. Алынған қаражатқа киім тігуге арналған станоктар мен ұлттық ою-өрнегі бар көрпе сатып алды. Ескелді ауданы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. Өндірілген өнімді сауда үйлері бойынша сатады және тапсырысқа тігеді. 2 жұмыс орнын құрды. Қазіргі уақытта сүйікті ісімен табысты айналысады.

 

Аймақ: 
Алматы облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 21.06.2019