Call-center 1411

You are here

Саумалкөл аулында білім кешенін ашу

ШакишевБатырланЕрланұлы1993 жылы туған, біліміжоғары, бойдақ, 3 топтағымүгедек.

          Батырлан Ерланович қосымша білім берубойынша қызмет көрсету өз ісін ашу үшін2018 жылы халықты жұмыспен қамту Орталығына несие алу үшін жүгінді.

          "Бастау - Бизнес" жобасы бойынша оқуды аяқтады, әзірленген бизнес жобаны қорғады және қажетті құжаттар пакетін жинап, "АШҚҚҚ" АҚ-нан 4,0 млн.теңге көлемінде несие алды.

          Несиелік қаражатқа Батырлан Ерланович ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізді, қажетті жабдықтар мен жиһаз, сондай-ақ оқыту бағдарламалары мен оқу материалдарынсатып алды.

          Саумалкөл ауылында "АL - FARABI"білім беру кешені іске қосылды.

          Кешенде Батырланнан басқа тағы үш маман жұмыс істейді. Бүгінгі күні білім беру кешені мектепке дейінгі балаларды даярлайды, оқушылар ұзартылған күн тобына барады,мұнда мамандар тек үй тапсырмасын орындауға ғана көмектеспейді, сонымен қатар балалардың ағылшын, хореография сабақтарына, шахмат клубындағы сабақтарға қатысуға мүмкіндіктері бар.

Мұнда жылдам оқуға, каллиграфия, менталдық математикамен және көптеген басқалармен айналысады.

Қосымша білімді 5 жастан 18 жасқа дейінгі 97 бала алады.

Аймақ: 
Солтүстік Қазақстан облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 06.06.2019