Call-center 1411

You are here

Сіз Кәсіби бағдарлау, психологиялық кеңес, кәсіби тренинг, семинар ұғымдарын күнделікті өмірде жиі естисіз бе?

Сіз Кәсіби бағдарлау, психологиялық кеңес, кәсіби тренинг, семинар ұғымдарын күнделікті өмірде жиі естисіз бе?
Қазіргі қоғамда Адами капиталды жақсарту - бәсекеге қабілеттіліктің маңызды құралы мен көрсеткіші болып табылатындығынан хабардарсыз ба?
Шымкент қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз азаматтар арасында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының бірі әлеуметтік кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізуде.
Қарым-қатынас сауаттылығын арттыру мақсатында кәсіби өзін-өзі анықтауды қалыптастыруға бағытталған жұмысқа орналасу алды даярлық, кәсіби кеңес сондай-ақ жұмысқа орналасу перспективаларын нақтылау семинар-тренингтері жұмыссыз, жұмыс іздеуші азаматтарға тегін ұсынылады.
Әлеуметтік кәсіби бағдарлаудан өту үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) кәсіби бағдар беру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету туралы азаматтың өтініші немесе келісімі;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) жоғары немесе орта білімін, біліктілігін, арнайы білімдерінің немесе кәсіптік даярлығын растайтын (бар болған жағдайда) құжат;
4) еңбек кітапшасы (бар болған жағдайда);
5) кәсібі бойынша жұмыс қабілетін жоғалтқан (болған жағдайда) немесе мүгедектігін куәләндыратын құжат;
Әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудың негізгі қызметі - халықты тиімді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, азаматтарға кәсіби өзін-өзі анықтауды қалыптастыруға, адамның кәсіби мүдделері,жұмыс берушілердің қажеттіліктері мен еңбек нарығының мүмкіндіктері арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізуге бағытталған іс-шараларды қамтиды. Айта кетейік, әлеуметтік кәсіби бағдарлауға бағытталған семинар-тренингтер Бәйтереков көш. 89А «Халықты жұмыспен қамту» орталығында әр апта сайын жүргізіледі.
Алдын ала жазылу байланыс телефоны: 8 (7252) 772 - 912

Регион: 
г. Шымкент