Call-center 1411

You are here

Бағдарламаны іске асыру барысы туралы 2019 жылдың 1-ші наурызына ақпарат

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 2019 жылға барлығы 9,5 млрд.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 5,3 млрд.теңге, жергілікті бюджеттен 4,2 млрд.теңге бөлінді. 2019 жылдың 1 наурызына жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 5999 адам тартылды, соның ішінде ваканттық бос жұмыс орындарына - 1903 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына - 1032  адам, жастар практикасына 787 түлек жолданып, ақылы қоғамдық жұмыстарға 2277 жұмыссыз тартылды.
«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» атты Бағдарламаның 1-ші бағыты аясында 2019 жылы барлығы 3883 адамды оқытуға 2368,4 млн.теңге бөлінді.
Соның ішінде 770 адамды кәсіптік даярлауға 1108,7 млн.теңге (өткен 2017-2018 жылдардан оқуын жалғастырушыларды қоса есептегенде) қаралды. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен   770 адам оқуға жолданады.  
Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарында 3113 адамды оқыту үшін 1259,7 млн.теңге қаралды. Бүгінгі күнге Бағдарламаның ережесіне сәйкес, Тізілімге енген қысқа мерзімді кәсіптік оқу өтетін білім ұйымдары бойынша мамандықтар кесіндісінде орындарды бөлу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жалпы қысқа мерзімдік кәсіптік оқыту наурыз айында басталады. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» 2-ші бағыты аясында барлығы 2323 адамды қамтуға (шағын несиеге – 1080 адам, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға – 1200 адам, грантқа – 43 адам) 5156,9 млн.теңге қаржы бөлінді (шағын несиеге – 4810,4 млн.теңге, несиені кепілдендіруге – 303,9 млн.теңге, субсидиялауға – 31,7 млн.теңге, грантқа – 10,9 млн.теңге). 
Бұл бағыт аясында азаматтар алдымен кәсіпкерлер палатасы арқылы кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады. Биыл «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша барлығы 1200 адамды кәсіпкерлікке оқыту жоспарланып отыр.   
Микрокредит бойынша ауыл мен қалада барлығы 4810,4 млн.тегенің шағын несиесі 1080 адамға беріледі деп жоспарланды (ауылда – 1020 адамға 4111,0 млн.теңге, қалада – 60 адамға 699,4 млн.теңге).
Ауылда шағын несиені кепілдендіруге – 215,6 млн.теңге,микроқаржы ұйымдары шығыстарын субсидиялауға 31,7 млн.теңге бөлінді. Осы бағыт аясында 43 адам 10,9 млн.теңгенің грантын алады.
Сонымен қатар, қалада 60 адамға несие беруге барлығы 699,4 млн.теңге қаралды. Шағын несиені кепілдендіруге – 88,3 млн.теңге қаралды. «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» атты Бағдарламаның 3-ші бағыты бойынша 6165 адамды қамтуға 2030,5 млн. теңге бөлінді.
Осы бағыт бойынша Бағдарлама аясында әлеуметтік жұмыс орындарына барлығы 998 орынға 202,5 млн.теңге қаралып, есепті кезеңде әлеуметтік жұмыс орындарына 787 адам жолданды. Сонымен қатар, жастар практикасына барлығы 1490 орынға 601,5 млн.теңге қаралып, есепті кезеңде жастар практикасына 1032 түлек жолданды.
Ақылы қоғамдық жұмысқа 3677 адамды тартуға жергілікті бюджеттерден 1226,5 млн.теңге қаржы қаралды. Есепті кезеңде қоғамдық жұмыстарға 2277 адам   жолданды.  
Сондай-ақ, «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру», яғни жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатында Бағдарлама шеңберінде өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру қарастырылған.  
Бағдарламаның бұл бағытын халық арасында кең көлемді түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Бүгінгі күнге 2019 жылдың 1 қарашасына солтүстік өңірлерге 3 отбасы, 10 адам қоныс аударды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өңірлік еңбек рыноғында тұрақтылық сақталып, жұмыссыздық деңгейі 2018 жылдың 4-тоқсанында 4,9 %-ды құрады. Ал, жастар жұмыссыздық деңгейі өткен жылғы 3-тоқсандағы 2,8%-дан 2,1%-ға дейін төмендеді.

 

Аймақ: 
Жамбыл облысы
20.03.2019