Call-center 1411

You are here

Жұмыспен қамту орталығының директоры көпбалалы аналармен кездесті

Осы жылдың 13 наурызында Жұмыспен қамту орталығының директоры М.С.Сүйіндіков аналардың бастамашыл топ өкілдерімен кездесті. Кездесуге келген аналар өз мәселелерін айтып, сұрақтарын қойды. Аналарды тыңдаған М.С.Сүйіндіков пен директордың орынбасары Д.Б.Иманқұлова «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында жұмысқа орналасудың мүмкіндіктері туралы кеңестер берді.
Қазіргі кезде жұмысқа қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына аз қамтылған және көпбалалы отбасыларданмыналарға алынады: әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар, жастар тәжірибесіне жолдама, жұмыссыз аналарды кәсіптік дайындау және қайта даярлау.
Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыс табу үшін қалалық тіркелімі, жеке куәлігі мен дипломы болуы қажет. Барлық сұрақтар бойынша Жұмыспен қамту орталығына келуге болады: Назарбаев даңғылы, 50, Жібек жолы көшесінің қиылысы, тел.: 8 (727) 224 20 00, 221 66 11.

 

Аймақ: 
Алматы қ.
18.03.2019