Call-center 1411

You are here

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды әлеуметке қосуда жәрдемдесу

Қазақстанда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалту мәселелері заңды түрде реттелген.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №387 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясына сәйкес, «жергілікті атқарушы органдармен (әкімдіктермен, денсаулық сақтау, білім беру, халықты жұмыспен қамту, әділет органдары) кәсіпорындар мен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-имыл азаматтарды қайта әлеуметке қосу процесінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады».
Пробация қызметінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу кезінде жұмыспен қамту қызметтері келесі іс-шараларды жүзеге асырады:

  • жұмыссыздарды халықты жұмыспен қамту орталығының бос орындар базасындағы бос жұмыс орындарына жолдайды;
  • жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жолдайды;
  • жұмыссыздарды олардың келісімімен қоғамдық жұмыстарға жолдайды;
  • жұмыссыздарды еңбек нарығына қажеттіліктерге сәйкес оларды әрі қарай жұмысқа орналастыруға жәрдемдесумен кәсіптік оқытуға, қайта дарялау мен біліктілігін көтеруге жолдайды;
  • жұмыс орындарының квоталары бойынша жұмысқа орналастырады.

Жұмысқа орналастыру кезінде қолданыс тағы заңнаманы және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртібін түсіндіру мақсатында, Алматы қаласы Алатау ауданының пробация қызметінің бастамасы бойынша пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандардың қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесуде қатысушылардың алдында Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығының басшысы Қ.Жекетаев сөз сөйлеп,жұмыссыздардың осы санатын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыспен қамту қызметтерінің өткізетін іс-шараларын, жұмыссыздар ретінде тіркелу тәртібін, қазіргі уақытта сотталғандар үшін қандай жұмыс орындары ұсынылатынын түсіндірді, сондай-ақ қатысушыларға қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға сотталғандардың ішінен жіберу мүмкіндігінің бар екендігін жеткізді, олардың қандай мамандықтар алуға болатынын және оқуға жіберу тәртібін түсіндірді. Сондай-ақ ол 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын, жұмыс істейтін және жеке тұлғаларға қызмет көрсететін,ақша және табыс табу мақсатында қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін бірыңғай жиынтық төлемді енгізуге ерекше көңіл бөлді.Кездесу барысында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтаркөптеген сұрақтар қойып, жұмыс орындарын ұсынудың тәртібіне, жұмысқа орналастыру мен жұмысшы мамандықтарына оқыту тәртібіне түсініктемелер алды.

 

Аймақ: 
Алматы қ.
12.03.2019