Call-center 1411

You are here

2017 -2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын түсіндіру

Алмалы ауданының аудандық білім бөлімінде Алматы қаласының Алмалы ауданы аумақтарында орналасқан мектепке дейінгі және орта оқу орындарының кадр қызметтерінің басшыларымен кездесу өтті. Барлығы 75 адам қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты - Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын түсіндіру, Жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздар үшін қандай мемлекеттік қолдаулар көрсетті. Жиналғандардың назарына қоғамдық жұмыстар, жастар тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орындары туралы айтылды. 
Ұсынылған өтінімдерге сәйкес, жұмыс берушілер үшін кадрларды іріктеуге жаңа форматта көмек көрсету, сондай-ақ аталған Бағдарлама аясында уақытша жұмыс орындарын құру және қызметкерлерді оқыту / қайта даярлау мүмкіндігі, «Еңбек.kz» электрондық еңбек биржасы порталымен жұмыс,   атап айтқанда онлайн (қашықтықтан) есеп беру, сондай-ақ электронды еңбек келісімшарттарын толтыру.
Спикерлер: тұрақты жұмыс орындары бөлімінің басшысы Нұржан Сәрсембайұлы Ауталиф; тұрақты жұмыс орындары бөлімінің маманы Жалғас Асқарұлы Қали. Кездесу барысында Орталықтың байланыс мәліметтерімен,Жұмыспен қамту орталығының жұмысы туралы тұсаукерлік және тарату материалдары таратылды. Кездесудің соңында жұмыс берушілердің электронды мекенжайларына материалдар жіберілді.

 

Аймақ: 
Алматы қ.
05.03.2019