Call-center 1411

You are here

Жұмыспен қамтамасыз ету жылжымалы мобильді пункт

Қарағанды облысының «Абай ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» жылжымалы мобильді пунктін ұйымдастырды. Абай қаласы бойынша және аудан бойынша екі (2) ауылдық округіне халық арасында жұмыспен қамтамасыз ету, жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын насихаттау үшін жылжымалы пункті жұмысын атқарылды.
Жұмыспен қамтамасыз ету және мемлекеттік қолдау бағдарламасын насихаттау барысында әр азаматқа әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыс жұмыстар, жастар практикасы және қысқа мерзімді курстарға кәсіби біліктілікті қамтамасыз ету сұрақтарына жауап берілді.
Жеке шағын несие мен гранттар, атаулы әлеуметтік көмек, бірыңғай жиынтық төлем туралы да сұрақтарға жауап берілді. Жылжымалы мобильді пунктінің нәтижесі: Сегіз (8) адам қысқа мерзімді курстарға оқуға жазылды, екі (2) адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді, ұсынған бос жұмыс орындарынан төрт (4) адам өз қалаған жұмысымен қамтамасыз етілді, бір (1) адам Бастау – Бизнес бағдарламасы бойынша оқып, әрі қарай несие алуға өз нарызын білдірді.

 

Аймақ: 
Қарағанды облысы
27.02.2019