Call-center 1411

You are here

Жетпісбаев Алмат Қуанышұлы

Жетпісбаев Алмат Қуанышұлы, Қостанай қаласы, Красный кузнец көшесі, мекенжайында тұрады,, білімі арнайы орта: «Техник-электромеханик». 2017 жылғы наурызда Жетпісбаев А.Қ. жұмыс мәселесімен «Қостанай қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ өтінді. Өтіну сәтінде «Техник-электромеханик» мамандығы бойынша бос орындар болды. Бірақ, осы мамандық бойынша тәжірибесі болмағандықтан, жұмысқа орналасу қиын болды.  Сондықтан, Жетпісбаев А.Қ. «Электр газымен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша жұмысшы мамандығына қайта оқуға ниет білдірді. Ол Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына қатысушы және 2017 жылғы 10 сәуірден 2017 жылғы 10 шілдеге дейін «Электр газымен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша «Қостанай автомобиль көлігі                       колледжі» КМҚК қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтті. Оқуды аяқтағаннан кейін 2017 жылғы 31 шілдеден бастап «Мибеко» ЖШС «Электр газымен дәнекерлеуші» алған мамандығы бойынша жұмысқа орналастырылды.

Регион: 
Қостанай облысы