Call-center 1411

You are here

Жұмыспен қамту орталығы көшпелі азаматтарды қабылдау өткізді

Осы жылдың қараша айында, «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша ақпаратты-түсіндіру жұмыстары аясында Алматы қаласы Алмалы ауданының  Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимаратында жұмыспен қамту, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС), атаулы әлеуметтік көмекті нысандандыру мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өткізілді.
Екі күндік қабылдау барысында Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығының (бұдан әрі - Орталық) мамандары 50-ден астам адамды қабылдап, кеңестер берді.
Орталықтың жұмысы туралы, www.enbek.kz электрондық еңбек биржасы порталында жұмыс істеу туралы түсіндірілді, бағдарламаның бағыттары, қажетті мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстар және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін басқа да белсенді шаралар туралы толық баяндалды.
Қабылданған азаматтардың ішінде жұмыссыздар, студенттер, үй шаруасындағы әйелдер және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар болды. Олардың барлығы да сұрақтар қойып, мамандардан кеңестер ала алды. Барлық келушілерге Орталықтың қызметтері туралы және байланыс деректері бар жарнамалар мен брошюралар таратылды.
Бағдарламаға қатысқысы келетін барлық тілек білдірушілерге мына мекенжайда: Алматы қаласы, Назарбаев даңғылы, 50 үй, Жібек жолы көшесінің қиылысында орналасқан, Халықты жұмыспен қамту орталығына келуге болады.

 

Аймақ: 
Алматы қ.
04.12.2018