Call-center 1411

You are here

Үй жағдайында қоян шаруашылығын дамыту

Сингараева Гүлшат Серікқызы ««Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған»» бағдарламасына қатысқанға дейін жұмыссыз болды.
Гүлшат Қобда аудандық жұмыспен қамту орталығына келіп Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы  бойынша мәлімет алуүшін жолықты. Орталық маманының кеңесін алған соң, Гүлшат Серікқызы өз ісін ашуға және осы мақсатта 2,4 млн теңге көлемінде шағын несие алуды ұйғарды. Құжаттардың толық пакеттері жинақталған соң, үміткер «Ауыл шаруашылығына қаржылай көмек көрсету фондына» жолданды. Шағын несие алуға рұқсат берілген соң, Гүлшат Серікқызы аталған қаражатқа 160 қоян сатып алды. Қазіргі таңда,  ол 1 жұмыс орнын құрды.
Гүлшат Серікқызы көрсетілген қолдау және шағын несие алу арқылы, өз ісін ашуға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді.

Аймақ: 
Ақтөбе облысы
Мал шаруашылығы
, 27.11.2018