Call-center 1411

You are here

Алматы қаласы мектептерінің оқушылары болашақ мамандықтарын таңдау әдісі туралы білді

Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізуді жалғастырып жатыр.

Әрбір мектеп түлегінің алдында «Кім боламын?» деген мәселе тұр. Өз мүддесін, қабілеті мен еңбек нарығында қажетті мамандықты ескере отырып, оны дұрыс шешілуі маңызды.

Сонымен, осы жылдың қараша айында Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Ж.Р.Тұрғынова № 34,46 мектеп-гимназияларына барды.

Іс-шараға 200-ден артық оқушы қатысты. Жоғары сынып оқушыларына әртүрлі мамандықтар,оның ішінде еңбек нарығында әсіресе қажетті ұсынылған мамандықтар, оларды таңдау тәсілі, кәсіптік бағдарлау бойынша тұсаукесер көрсетілді.

Кәсіпті таңдағанда, көптеген адамдар оның беделін, жалақының деңгейін және отбасылық мүдделерін басшылыққа алады: мысалы, «Біздің отбасымызда барлығы заңгерлер!». Көбінесе мамандық таңдау кезінде көптеген туыстар, баланың қабілеттерін және бейімділігін мүлдем елемейді.Мамандық таңдау туралы шешім қабылдау үшін, болашақ мамандықты дұрыс таңдап, оны өмірде іске асыруға мүмкіндік беру үшін өзіңіз туралы, мүмкіншіліктеріңіз туралы, барынша көп ақпарат алу қажет.Осыған байланысты болашақ мамандықты дұрыс таңдау үшін кәсіптік бағдар жұмысы барысында мектеп оқушыларын кәсіптік бағдарлаудың әр түрлі әдістері пайдаланылды, мысалы: Климованың дифференциалды-диагностикалық сауалнамасы мен кәсіби өзін-өзі анықтаудың формуласы «Қалаймын – Қолымнан келеді - Қажет».

Іс-шара барысында мектеп оқушылары үлкен қызығушылық танытты, сұрақтар қойды, Орталық мамандарымен кеңес өткізді.

Жоғарыда аталған кәсіптік бағдарлау әдістері мен қатар, кәсіби бейімделу үшін танымал Джим Барретт тесті де бар, оны www.enbek.kz электрондық еңбек биржасының веб-сайтында немесе Назарбаев даңғылы, 50,Жібек жолы көшесінің қиылысы, мекенжайы бойынша орналасқан Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығынан алуға болады,  тел .: 341 06 70 (ішкі 1028).

Жұмыспен қамту орталығының мамандарының мектепке баруы–бұл болашақты жоспарлауға, кәсібін саналы таңдау және еңбек қызметінде іске асырға әсер етуші, оқушылармен кәсіптік бағдар беру жұмыстарының тиімді шарасы болып табылады.

Оқушыларға кәсіби бағдар беру жеке тұлғаға өзін-өзі анықтауға және кәсіби қалыптасуға, мамандық таңдауда практикалық көмек көрсетуге және кәсіп таңдауға бағытталған және Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының кәсіптік бағдарлау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Аймақ: 
г. Алматы
26.11.2018