Call-center 1411

You are here

Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығына Қазақстанның облыс әкімдері орынбасарлары және Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары келді

Осы жылдың 20 қарашасында Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығына Қазақстанның облыс әкімдері орынбасарлары,Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары келді.
Жұмыспен қамту орталығының директоры қатысушыларды Орталықтың жұмысымен және халыққа қызмет көрсетудің енгізілген жаңа әдістерімен таныстырды. Жұмыс іздеуші өз қалауы бойынша, enbek.kz электрондық еңбек биржасының көмегімен қолайлы жұмыс таңдайды. Кәсіптік бағдар беру бойынша консультациялық қызметтер «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа электрондық форматта бос жұмыс орындарын тіркеудің оңайлатылған тәртібі персоналды таңдауда физикалық байланыссыз енгізілді. Жұмыс беруші бос жұмыс орнын enbek.kz порталына өз бетімен бере алады және жұмыс іздеушіге хабарласады немесе Жұмыспен қамту орталығына хабарласуы мүмкін.
Жұмыспен қамту орталығы өз сайтын әлеуетті кандидаттармен сұхбаталу үшін ұсынады. Жұмыспен қамту орталығының негізгі міндеті - азаматтарға дер кезінде және сапалы әлеуметтік қызметтерді алу үшін қажетті жағдай жасау. Жұмыспен қамту орталығы бірнеше бағыттарда жұмыстар жүргізеді: жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру, жұмыспен қамтуға әсер етудің белсенді шаралары бойынша қызметтер көрсету, қоғамдық жұмыстар, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, сонымен бірге, шағын несие алуға жәрдемдесу, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар, атаулы әлеуметтік көмек.

 

Аймақ: 
Алматы қ.
21.11.2018