Call-center 1411

You are here

Бағдарлама шеңберінде жұмыс көзі ашылды

Бағдарламаға қатысушы Ашықбаев Махамбет Нұрлыбайұлы 1992 жылы 2 желтоқсанда Атырау облысы Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон ауылында дүниеге келген. 2018 жылдың тамыз айында аудандық жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеліп, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының» екінші бағыты бойынша «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 4,5 млн. теңге көлемінде несие алып, азық-түлік дүкенін ашты. 2 жұмыссызды жұмыспен қамтыды.

Аймақ: 
Атырау облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 21.11.2018