Call-center 1411

You are here

Киім дүкенін ашу

Сералиева Марал Омархановна. “Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына”  қатысқанға дейінгі мәртебесі - кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтыған «Сералиева М.О.» ЖК. 2018 жылы Тараз қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығынан» микрокредиттер беру тәртібі бойынша консультация алып, бағдарламаға қатысуға сәйкес келуі тұрғысынан тексеруден өту үшін  өтініш білдірді. Халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша микрокредитті алу туралы өтінішпен кредиторларға жүгінді. Қазіргі таңда «Сералиева М.О.» ЖК – «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы 15,72 млн. теңгеге киім дүкенін ашу үшін коммерциялық ғимарат сатып алынды, 1 жаңа тұрақты жұмыс орынын ашты, дүкен жұмыс жасауда.

Аймақ: 
Жамбылская область
Услуги для населения
, 20.11.2018