Call-center 1411

You are here

Бағдарлама арқылы тұрақты жұмысқа орналасты

Қызылорда қаласының тұрғыны Мырзабаева Айнура Бауыржанқызы Көкшетау қаласының «Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжін»           2017 жылы «есеп және аудит» мамандығын игерген. Айнұр мамандығы бойынша тәжірибесінің болмауына байланысты жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмады. Бұқаралы ақпараттық құралдар арқылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жастар тәжірибесі бойынша жұмысқа жолдана алатындығын біліп, Қызылорда қаласының жұмыспен қамту орталығына келіп, жұмыссыздар қатарына тіркелді. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша жастар тәжірибесіне ағымдағы жылдың 2 мамыр айынан бастап «Энергосервис» ЕЖШС-сіне жолданған. Өзінің жинаған тәжірибе - біліктілігін көрсете біліп, аталған мекемеге қараша айының 1-нен  бастап тұрақты жұмысқа орналасты.

Аймақ: 
Қызылорда облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 19.11.2018