Call-center 1411

You are here

Амиргалиев Адилбек Елеусинович

Адильбек Елеусинович Ақтау қаласының тұрғыны. Қазақстанның оңтүстік облыстарында өткен бос орын  жәрмеңкесіне қатысқан Қарабалық ауданы делегациясынан “Еңбек” Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде қоныс аударушылар 35 АЕК мөлшерінде көшуге арналған субсидия, сондай-ақ баспана жалдау үшін бір жыл ішінде 15-21 АЕК немесе тұрғын-үй сатып алған жағдайда бір рет   өтемақы түрінде мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етілетіні туралы білді. Адильбек Елеусинович Қарабалық ауданына көшіп келді. Жұмыспен қамту орталығында ол көшу шарттарымен таныстырылды және Бөрлі ауылына “Тогас и К” ЖШС механизатор мамандығы бойынша бос орын ұсынылды. Шамалы жұмыс істегеннен кейін Адильбек және зайыбы үш баласы болғандықтан сүт өнімін алу  және оны жергілікті нарықта жүзеге асыру үшін мал шаруашылығымен айналасуға шешім қабылдады. “Бастау-Бизнес” жобасы бойынша курсты аяқтап, қоныс аударушы  сүт өнімдерін қайта өңдеу үшін құрал-жабдық сатып алуға мемлекеттік грант алу үшін бизнес-проект қорғады. Микрокредит алуды жоспарлап отыр. Амиргалиевтер тұрғын үй -сатып алды. Көшуге арналған субсидия мен 1 млн 27 мың теңге мөлшерінде тұрғын-үй сатып алуға бір жолғы көмек алды. Отбасы тезірек жаңа орында орнығуларын тілейді. 

Регион: 
Қостанай облысы