Call-center 1411

You are here

Шартты-мерзімінен бұрын босаған, сотталушылармен болған кәсіптік бағдарлау

Бас бостандығынан айыру орындарынан босаған сотталушылармен оларды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша кездесу ұйымдастыру – бұл санаттағы халықтың арасында жұмыссыздықтың өсуіне қарсы тиімді шаралардың бірі.
Алматы қаласының Халықты жұмыспен қорғау орталығының мамандары 2018 жылғы 2 қарашада «ЛА – 155/13» мекемесіндекәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы, жұмыспен қамту орталығына тіркелу, жұмыс іздеу дағдылары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығы көрсететін, мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат берілді. Еңбекке ынталандыруды көтеру, жеке кәсіптік дамыту стратегиясын дайындау бойынша ұсынымдар беріліп, Орталықтың буклеттері таратылды.
Кездесуге 23 адам қатысты, оның ішінде 6-ы шартты-мерзімінен бұрын босаған, сотталушылар. Сотталушылар талқылауларға ықыласпен қатысып, мерзімі жеткен сауалдар қойды. Қорытындыда сотталғандарға босағаннан кейін келулері үшін Жұмыспен қамту орталығының байланыстары берілді.

 

Аймақ: 
Алматы қ.
12.11.2018