Call-center 1411

You are here

Сотталғандар «Еңбек» бағдарламасы туралы білді

Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы КММ мамандары қылмыстық-түзету қызметінде жазасын өтеуші, сотталғандар үшін көшпелі іс-шаралар өткізіледі.Үстіміздегі жылдың 30 қазанында Кәсіптік бағдарлау бөлімінің меңгерушісі К.Жекетаев жұмыспен қамту мәселесі бойынша, облыстық өңірдегі еңбек нарығының жағдайы және жұмыспен қамту қызметімен ұсынылған мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттар мен тұтқындар алдында сөз сөйледі.
Кездесуде Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару қызметі департаментінің ЛА-155/18 мекемесінен 25 сотталушылар қатысты. Ол кездесуге қатысушыларды жұмыспен қамту қызметінің мемлекеттік қызметтері мен оларды беру тәртібі туралы хабардар етті, қазіргі уақытта қандай кәсіптер (мамандықтар) сұранысқа ие екенін айтты.
Бұдан басқа, жұмыспен қамту қызметі туралы толық ақпараттармен және Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту Орталығының байланыс деректері бар буклеттер таратылды.
Жұмыссыз ретінде тіркеу тәртібі түсіндірілді, мұндай мәртебені алған кезде мемлекет ұсынған кепілдіктер азаматтарға қалай жұмыс іздеуге қатысты ұсыныстар берді.
Іс-шара барысында жұмысқа орналасудың психологиялық аспектісі туралы толғандыратын тақырыпқа тоқталды, себебі босатылғаннан кейін лайықты жұмысқа қол жеткізу мүмкін емес деген жаңсақ пікір бар.
Тәжірибе көрсеткендей, егер адам жазасын өтеу кезінде абыроймен жүрсе, жұмыспен айналысса, кәсіби білім алып, әлеуметтік пайдалы байланысын жоғалтпаса, онда босатылғаннан кейін жұмыс іздеу мәселесі қиын болмайды.
Тыңдаушылар пікірталасқа қатысып, шұғыл сұрақтар қойды, олардың тезірек жұмыс табуына көмектесетін, еңбек нарығында жеңіл мүмкіндік беретін, осындай іс-шаралар өткізудің өзектілігін атап өтті.
Өйткені, түрмеден босатылғанға дейін жұмыспен қамту мәселесі бойынша сотталғандармен кездесулерді ұйымдастыру осы ортадағы жұмыссыздықтың өсуіне қарсы тиімді шаралардың бірі болып табылады.
Еңбекпен айналыспау бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды толық қоғамдық қатынастарды тез қалпына келтіру мүмкіндіктерінен айырады. Сондықтан, егер ол жеке жинақтарымен, отбасылық қорларымен, кездейсоқ табыстарымен өмір сүріп, тұрақты жұмысының болмауы  - мұның өзі қылмыстың қайталану мүмкіндігін көтеретін,қолайсыз фактор болып табылады.
Еңбек бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды бейәлеументтендірудің маңызды факторы, ал олардың еңбек құрылымы - олардың еркіндікте қалыпты өмір сүруіне қайта оралуының басты шарты.
Демек, босатылған кезде сотталғандарға көмек көрсетуден басқа, заңнама бойынша әлі де осы азаматтардың халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы алдын-ала жұмысқа орналастыру мүмкіндігін қарастырады.

 

Аймақ: 
Алматы қ.
05.11.2018