Call-center 1411

You are here

Мансапты жоспарлау

Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығы қаланың еңбек нарығының жай-күйі туралы кәсіби ақпараттандырады, семинарлар, тренингтер және түрлі кәсіптер өкілдерімен кездесулер ұйымдастырады.Жеке сұранысын ескере отырып, кәсіби кеңес беріп, үміткерлердің психологиялық мінездемесі, кәсіби мамандықты таңдаған кезде кәсіби диагностикаға тестілеуді ұйымдастырады.
Осы жылдың қазан айында ӘМТБжҚО «Жастар үйі» КММ жетім балалармен келесі тақырыпта семинар өткізді: «Тиімді жұмыс іздеу және мансапты жоспарлау».Семинарға «Жастар үйі» КММ-ң 25 тәрбиеленушілері қатысты.
Семинарға Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдері мен «Кәсіпті таңдау орталығы» ЖШС басшысы Ж.Кәрімов қатысты.
Сөз сөйлеушілер жұмыспен қамту қызметінде кәсіптік бағдар берудің негізгі міндеттерін талқылады және ағымдағы және болашақтағы еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңсіздікті азайтуға бағытталған.
Кәсіптік даярлау жүйесін жетілдіру, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және жұмыссыздарды және халықтың басқа санаттарын әлеуметтік - психологиялық қолдау жүйесін дамыту мәселелерін түсіндірді. Семинар соңында қатысушыларға сұрақтар қойылды және осы сұрақтарға сәйкес жауаптар берілді.

 

Аймақ: 
Алматы қ.
29.10.2018