Call-center 1411

You are here

«Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету» жобасы аясында түсіндіру жұмыстары

2018 жылдың 22-26 қазан аралығында «Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету» жобасы аясында Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Халықты жұмыспен қамту орталығы, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, Денсаулық сақтау және Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармаларымен Астана және Алматы аудандарында орналасқан елдімекендерде (Сазды, Қурайлы, Жанақоныс, Қарғалы, Благодар) аз қамтылған отбасылары, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыз азаматтар және жалдамалы жұмысшылармен өзекті мәселелерді шешу бойынша кең көлемдегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Аталған шара а.ж. 23 қазанында Қурайлы ауылында жалғасады.Кездесу мақсаты – жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жұмыссыз,өзін-өзі қамтыған, көп балалы, аз қамтылған отбасылардың еңбекке жарамды мүшелерін Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстыру арқылы халықтың әл-ауқатын көтеру.

Аймақ: 
Ақтөбе облысы
25.10.2018