Call-center 1411

You are here

Бағдарлама арқылы тұрақты жұмысқа орналасты

Жалағаш ауданы, Ақсу ауылының тұрғыны  Төлепберген Назерке  Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетін 2018 жылы «Физика» мамандығын игерген .Назеркенін  мамандығы бойынша тәжірибесінің болмауына байланысты жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмады. Бұқаралы ақпараттық құралдар арқылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жастар тәжірибесі бойынша жұмысқа жолдана алатындығын біліп, Жалағаш  ауданы әкімдігінің  жұмыспен қамту орталығына келіп, жұмыссыздар қатарына тіркелді. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша жастар тәжірибесіне ағымдағы жылдың 03 қыркүйек  айынан бастап «№201 мектеп лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне  жолданған. Өзінің жинаған тәжірибе - біліктілігін көрсете біліп, аталған мекемеге ағымдағы жылдын  12 қазанынан  бастап тұрақты жұмысқа орналасты.

Аймақ: 
Қызылорда облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 22.10.2018