Call-center 1411

You are here

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығында болды

Осы жылдың 18 қазанында Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары О.Н.Өксікбаев, С.Т. Сейдуманов, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Р.К.Бадаева, жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері өкілдері, оқу орталықтарымен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Халыққа жолдауын талқылау бойынша кездесу өтті.
Кездесуге Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы М.Б.Отыншиев, Жұмыспен қамту орталығының директоры М.С.Сүйіндіков, «Алматы қалалық мүгедектер қоры» ҚБ-ң басқарма төрағасының орынбасары У.А.Іңкәрбеков, «Fast Net» ЖШС оқу орталығының директоры Р.К.Алиев, «Абия Education» ЖШС жұмыспен қамтудың жекеше агенттігінің директоры  В.К. Ерошкина, «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық бөлімшесі өкілдері, Алматы қаласы әкімдігінің, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері қатысты. 
Кездесу барысында депутаттар келесі жылдан ең аз жалақыны 1,5 есеге көтерілгендігі, жаңа жұмыс орындарының құрылғаны, білім беруге, ғылым мен денсаулық сақтауға кететін шығындардың көтерілгені, Елбасының тапсырмасы бойынша «Педагогтардың мәртебесі туралы» Заңды әзірлеу бойынша тапсырмасы, өмір сүруге қолайлы жағдай құру туралы айтып берді. Президент жастарға ерекше көңіл бөлді және келесі жылды Жастар жылы деп жариялады.
Кездесу барысында қатысушылар депутаттарға Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруда туындаған күрделі мәселелер,оның ішінде кәсіптік оқыту, гранттар бөлу, қысқа мерзімді курстарды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналастыру, жұмысқа орналастырудың жекеше агенттіктері туралы айтып берді. Қазіргі кезде Алматыда осы санатқа жатқызылатын, 42 адам тіркелді. Мүгедектер үшін қазіргі таңда темір жол және әуе көлігі, метро мен автобустарға қолжетімді. Сондай-ақ, қалада 1500-ден аса адамды қамтитын 24 инватакси жұмыс істейді. Сонымен бірге, мүгедектер үшін инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігі тұрғысынан ғимараттарды салу және пайдалану жөніндегі комиссияға олардың қатысуы туралы мәселе көтерілді.

Аймақ: 
Алматы қ.
19.10.2018