Call-center 1411

You are here

Жамбыл облысы Меркі ауданында мал шаруашылығын дамыту

Конкышев Рашид Ілиясұлы 1974 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданында туылған 1990 жылдан 1997 жылға дейін аудандағы «Жданов» атындағы колхозда жұмыс істеген. 1997 жылдан бастап 2004 жылға дейін Меркі ауданында өзінің жеке көлігімен Жданов ауылымен Меркі ауданының орталығы арасында адам тасып (таксиші) күнін көрген. 2017 жылы Меркі ауданы жұмыспен қамту орталығына келіп бағдарламаның II – ші бағыты бойынша несие алуға өтінішін берген. 2017 жылдың наурыз айында бағдарлама бойынша Тараз қаласына кәсіпкерлікті дамыту атты оқу курсын бітіріп тиісті сертификатын алды. 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында 3 000 000 теңге несие алды. Бұл қаражатқа мүйізді ірі қара малын алып ет,сүт бағытында жұмыс істеп бір жұмыс орнын ашты. Еліміздегі бұндай жеңілдікпен халыққа берілетін несиеге ризашылығын айтып алдағы уақытта тағыда бағдарламаға қатысатынын айтып өтті.

 

Аймақ: 
Жамбыл облысы
Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 17.10.2018