Call-center 1411

You are here

ҚР Парламент Сенатының депутаты Дарига Назарбаевамен кездесу

Үстіміздегі жылдың 16 қазанында Сенатор Дариға Назарбаева Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына келіп, жұмысқа орналастыру және жұмысқа тұруға мұқтаж қалалықтарды оқыту бағдарламаларымен танысты, сонымен бірге жұмыс іздеушілердің өздерімен сөйлесті.
Сапар ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Халыққа жолдауын талқылау мен түсіндіру аясында өтті. Кездесуге сонымен бірге, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қатысты.
Жұмыспен қамту орталығының директоры М.С.Сүйіндіков қатысушыларды Алматының еңбек нарығындағы жағдаймен, «Еңбек» бағдарламасы аясында Орталық жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырды.
Қазіргі кезде Орталықта 19 мың бос орындар, 1,2 мың жұмыс берушілер мен 7,8 мың жұмыс іздеушілер тіркелген. Сонымен бірге, 3,2 мың адам жұмысқа орналастырылды, ал 23 мың адам www.enbek.kz сайты негізінде компьютерлік сауаттылық дағдыларын алды, статистика бойынша бұл сайтқа айына  270 мың адам кіреді. Сонымен бірге, Орталықта шын жүректен түзелгісі келетін, бұрынғы сотталғандарды жұмысқа орналастыру мен қайта оқыту бойынша үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. 
Сенатордың Жұмыспен қамту орталығына келген кезінде жұмыс іздеушілер үшін біліктілігін арттыру курстарына қатысты, жеке мәселелер туралы да айтылды.
Жұмыспен қамту орталығына барған сапарының қорытындысын шығарған Д.Назарбаева, жұмыспен қамту саласында жұмыс істейтін компаниялардың өкілдері мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламасында орын алған кейбір кемшіліктерді атап өтті.Оның пікірінше, бұл ескертулер әділетті болып табылады және тиісті хаттар жасағаннан кейін, бұл мәселелердің бәрі Әлеуметтік даму министрлігімен мемлекеттің осы маңызды бағытын одан әрі жетілдіру мақсатында талқыланады.
Дегенмен, ол басты мәселе - бәрі бірден жоғары ақы төленетін жұмысқа ие болғысы келетінін атап өтті. Бұл әрине, қиын.Ол үшін жақсы білім мен үлкен кәсіби тәжірибе қажет. Яғни, оған жету қажет. Бірақ жалпы алғанда, кім жұмыс істегісі келсе, ол әрдайым жұмыс таба алады.

 

Аймақ: 
Алматы қ.
17.10.2018