Call-center 1411

You are here

Мүгедектерге арналған жаңа жұмыс орындары

Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы ағымдағы жылдың қазан айында осы орталық директорының орынбасары Д.К.Абуовтың қатысуымен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру жөніндегі жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында мүгедектер үшін арнайы жұмыс орындарын құру мәселелері бойынша кездесу өткізді. Кездесуге 12 жұмыс беруші қатысты.
Бүгінгі күні мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастырудың өзекті мәселелері мен проблемалары айтылды. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін 2018 жылдан арнайы жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге байланысты жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау енгізілді. Жұмыс берушілерге республикалық бюджеттен субсидия берудің тәртібі мен шарты түсіндірілді.
Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған арнайы жұмыс орындары мамандықты, орындалған жұмыстың сипатын, мүгедектік дәрежесін, функционалдық бұзылулардың сипатын және жұмыс істеуге қабілетін шектеуді, жұмыс орнының мамандану деңгейін, өндірісті механизациялауды және автоматтандыруды ескере отырып, жобалануы және жабдықталуы керек.
Мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жұмыс орны еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуі, кішігірім немесе қалыпты физикалық, динамикалық және статикалық, интеллектуалды, эмоционалдық жүктемелермен жұмыс істеуі және денсаулығының немесе жарақатының нашарлау мүмкіндігін болдырмауы керек.
Кездесу барысында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілер субсидия алу кезіндегі өздерінің құқықтары мен міндеттерін білді.Субсидиялар мүгедектерге арналған арнайы жұмыс орындарын жабдықтау үшін жабдықты сатып алу, монтаждау және орнатуға кеткен құнын өтеу үшін бөлінеді.

Аймақ: 
Алматы қ.
15.10.2018