Call-center 1411

You are here

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша оқуын аяқтап, жұмысқа орналасқан Р.К.НУРБАЕВА

       Жамбыл облысы, Сарысу аудандында 1972 жылдың 22 сәуір күні дүниеге келдім. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жұмыстар атқарылып жатқандығы туралы аудандық «Сарысу» газетін оқып, бағдарламаға қатысуға шешім қабыладым. 2018 жылы 16 сәуір айында халықты жұмыспен қамту орталығына келіп, мамандардан бағдарлама туралы толық консультация алдым. Бағдарлама жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға көптеген көмек көрсетіп жатқандығын естідім. Содан, халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары 17 сәуір күні құжаттарымды қабылдап, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша Жаңатас қаласында орналасқан №5 колледжіне «аспазшы» мамандығы бойынша оқуға жолдама алдым. Оқуымды 10 шілде 2018 жылы аяқтап, аудан орталығында орналасқан көпсалалы колледжіне жұмысқа орналастырды. Өз жұмысым өзіме  ұнайды.

Регион: 
Жамбылская область