Call-center 1411

You are here

"Жас маман – 2018" - тақырып бойынша дөңгелек үстел өтті

Алматы қаласындағы Алматы университетінде, «Жас маман-2018» атты тақырып бойынша ұйымдастырылған дөңгелек үстел өтті. Бұл ұйымдастырылған дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты, ол мамандық таңдаған жас мамандарға, келешекте таңдаған мамандықтары бойынша жұмысқа орналасу үшін, қандай талаптар қажет болатындығы мен соған дайын болу жолдарын түсіндіріп, оларға жол ашу. Дөңгелек үстел жұмысына Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы К. Жекетаев, «Мамандық таңдау орталығы» ЖШС директоры Ж.Т.Каримов, «SKY EACLE GROUP» ЖШС директоры және Алматы облысы филиалы, Қазақстанның Ұлттық психологтар қауымдастығы директорының орынбасары қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысын, Алматы университетінің ректоры, М. Е.Ермағанбетов кіріспе сөз сөйлеп ашты. К. Жекетаев мемлекет тарапынан жастар үшін жасалып жатқан көмектерге тоқталып, жас маман иелеріне еңбек жолдарын бастау кезінде берілетін мүмкіндіктерді түсіндірді. Болашақта әрбір маман иелеріне, еңбек жолын бастап, жұмыс атқарған  кездерінде жақсы табыстарға жетулеріне тілек білдірді.
Осы өткізілген шараға қатысушылар сөз сөйлеп, өздерінің салалары бойынша жастарға болашақта еңбек етуге қажетті жағдайларға баса көңіл аудару  керектігіне тоқтала  отырып, осы университет қабырғасында білім алу кезінде, неге баса назар аудару қажет болатындығы түсіндірілді. 
Сонымен қатар келешек уақытта, нарықтық экономикалық жағдайларға байланысты кейбір мамандықтардың жойылып, заман талабына сай жаңа мамандықтардың пайда болу мүмкіндік  екендігі, жастардың осыған дайын болулары қажеттігі ескертілді. Атап айтқанда, еңбек ету үшін әрбір жас маман талапқа сай дайын болу керектігі айтылды. Дөңгелек үстелге қатысып отырған студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға толықтай жауап берілді.

 

Аймақ: 
Алматы қ.
08.10.2018