Call-center 1411

You are here

Қазақстанда алғаш рет «JobHunter – жұмысқа әуестік» атты виртуалды бос орындар жәрмеңкесі өтті

2018 жылғы 1 қазанда Zarplata.kz сайты («Жан» Баспа үйі) Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп «JobHunter – жұмысқа әуестік» атты виртуалды бос орындар жәрмеңкесін өткізді.
Бос орындар жәрмеңкесі Қазақстанда алғаш рет онлайн тәртібінде өтті. Жаңа форматтағы жәрмеңке барлық Қазақстан бойынша 25 000 виртуалды келушілерді бірге жинауға мүмкіндік берді және 8 000 астам бос жұмыс орындары ұсынылды, бұл өз кезегінде 5 000 мекемемен олардың орналасқан жеріне қарамастан тілдесуге мүмкіндік туғызды. Әлеуметтік желі мен мессенджерлер арқылы адамдар өз сұрақтарын қойып көптеген пайдалы ақпарат алды, мысалы қалай сауатты түйіндеме әзірлеуге болады т.с.с.
Мекемелердің алғашқы пікірлері жаңа формат өте ыңғайлы және тиімді болғанын және екі тарапқа да пайдалы байланыс орнатуға мүмкіндік бергендігін көрсетеді. Әрбір тілек білдіруші виртуалды бос орындар жәрмеңкесіне қатысып және жұмысқа орналасу саласында өзіне кең мүмкіндіктерді аша алды: қазақстандық еңбек нарығындағы алдыңғы қатарлы мекемелермен танысу,онлайн тәртібінде мекеменің өкілдерімен тілдесу, өзін қызықтырған сұрақтар бойынша HR мамандардан сапалы кеңес алу.
Виртуалды бос орындар жәрмеңкесінің қатысушылары өте ыңғайлы форматта мекемелер ұсынған бос жұмыс орындарымен таныса алды, яғни өз уақыттарын үнемдеп, жұмыс іздеушілерге жұмыс іздеу мәселелерін, ал жұмыс беруші мекемелерге білікті қызметшіні табу мәселесін сапалы шешіп беруге мүмкіндік берді. Жәрмеңкені өткізу барысында тікелей эфирде мамандық таңдау бөлімінің басшысы К.А.Жекетаев келушілердің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жастар тәжірибесі,бизнес-ойларды іске асыруға қатысты сұрақтарына жауап берді (2 000 қаралым). Жұмысқа қатысты барлық сұрақтар бойынша Назарбаев даңғылы, 50, Жібек Жолы көшесінің қиылысында орналасқан Алматы қаласының жұмыспен қамту орталығына баруға болады. Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма 9.00 ден 18.00 - ге дейін Анықтама телефондары: +7 (727) 3410460; +7(727)3410461. Сонымен қатар тұрғындардың қолайлығы үшін Жұмыспен қамту орталығының мамандары Алматы қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) қабылдайды.

 

Аймақ: 
Алматы қ.
04.10.2018