Call-center 1411

You are here

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында күзгі бос орындар жәрмеңкесі өтті

2018 жылдың 28 қыркүйегінде «Казлегпром Алматы» ЖШС аумағында Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы Жетісу ауданының әкімдігімен бірлесе отырып күзгі жәрмеңке өткізді.
Іс-шара «Рухани жаңғыру» жобасы аясында өтті және жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасында тікелей байланыс орнату жолы арқылы жұмыс іздеушілерді жұмысқа орналастыруға әсер ету мақсатында ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеге 100-ден аса бос орын ұсынған, 20-дан артық жұмыс беруші қатысатын болады, олардың ішінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Обис» ЖШС, «Қазжол» қонақ үйі, «Sulpak» ЖШС сияқты ұйымдар бар.
Жұмыс берушілердің ұсынған бос орындары – штаттан тыс кеңесшілер, кассирлер, сатушылар, жүргізушілер. Халықты жұмыспен қамту орталығы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді іс-шаралары туралы Жәрмеңкеге қатысушыларға кеңестер мен ақпараттар берді.
Жұмыс берушілер жұмыссыз азаматтармен кездесуге мүмкіндік алды, ал жұмыссыздар жұмыс берушілермен тікелей әңгімелесіп, мүдделі бос орындармен танысты, еңбек нарығында жұмыс іздеушілерге қойылатын заманауи талаптар туралы білді.
Бос орындар жәрмеңкесіне шамамен 300-дей жұмыс беруші қатысты. Бос орындар жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша 250 адам кеңестер алып, жұмысқа орналасуға 25 жолдама берілді.

 

Аймақ: 
Алматы қ.
01.10.2018