Call-center 1411

You are here

«Нұр Отан» партиясының Алатау аудандық бөлімшесіндегі бос орындар жәрменкесі

"Нұр Отан" партиясының Алатау аудандық бөлімшесі 2018 жылғы 19 қыркүйекте Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 250 бос орындары ұсынылған,  20 жұмыс берушілер қатысты, олардың ішінде   «Обис» ЖШС, «Мария» ЖШС, «Ramco construction» ЖШС, «ТойМарт» ЖШС және басқалары бар. Жәрмеңкеге жұмыс іздеп жүрген 150 азамат қатысты.
Жәрмеңке қорытындысы бойынша 100 адамнан артығына кеңестер беріліп, 75 адамға жұмысқа орналасуғакөмектесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама берілді, 5 адам жұмысқа орналастырылды.
Халықты жұмыспен қамту орталығы Жәрмеңкеге қатысушыларды 2017-2021 жылдары іске асырылатын, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы (әрі қарай – Бағдарлама) шеңберінде жұмыспен қамтуға бағытталған белсенді шаралар туралы хабардар етті және кеңестер берді.
Іс-шара шеңберінде жұмыссыз азаматтарға «жастар практикасы», «әлеуметтік жұмыс орындары», «қоғамдық жұмыстар», «кәсіби бағдар беру», «атаулы әлеуметтік көмек» салаларында жұмысқа орналасу туралы ақпараттарымен буклеттерді тарату ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Жұмыспен қамту орталығының мамандары Бағдарламаның әрбір бағытының мүмкіндіктерін түсіндірді.Жергілікті жерлерде ескертпелер мен буклеттер таратылып, жұмыс іздушілерден 25 түйіндеме жиналды.
Қатысушыларды Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығы арқылы Бағдарламаға белсене қатысуға шақырды. Тілек білдірушілер Жұмыспен қамту орталығына, мына мекенжайға келе алады: Назарбаев даңғылы, 50, Жібек Жолы көшесінің қиылысы.

 

Аймақ: 
Алматы қ.
24.09.2018