Call-center 1411

You are here

Жұмыспен қамту орталығы мамандарының " Енбек" бағдарламасы туралы халықты ақпараттандыруға арналған жаңа тәсілдері

Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы «Еңбек» "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы" бойынша халыққа ақпаратты-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастырып жатыр. 2018 жылға қыркүйектің 17-і мен 19-ы аралығында Медеу аудандық білім беру ұйымдарында, яғни № 4, 7, 29 орта мектептерде көшпелі кездесулер өткізілді.
Сонымен бірге № 1 қалалық емханада кездесу өтті. Кездесуде аудандық білім беру бөлімдерінің өкілдері, денсаулық сақтау саласының мамандары қатысты. Кездесу барысында мамандар Жұмыспен қамту орталығы жұмыстарының жаңа әдістері туралы айтып берді.Қызметкерлерді таңдауда жеке байланыссыз бос орындардытіркеудің оңайлатылған тәртібі  жаңа электрондық форматта енгізілді.Жұмыс беруші енді enbek.kz порталында бос орынға өзі өтініш бере алады және жұмыс іздеушіге өзі хабарласа алады.
Жұмыс берушілер үшін Жұмыспен қамту орталығы әлеуетті кандидаттармен әңгімелесу өткізу үшін өз алаңын ұсынады. Кездесуге қатысушыларға "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын" түсіндіру бойынша жадынамалар мен кітапшалар таратылды. Осы жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан ТРК-да сағат 20.50-де ток-шоу бағдарламасында, "Қарекет" хабарында «Аналар азабы» тақырыбында сюжет көрсетілді. Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Г.Р. Мейірбековадан сұхбат алынып, ол "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы" туралы айтып берді.
2018 жылғы 18 қыркүйекте Жетісу ауданының әкімдігінде ЖПИ төрағаларымен (20 адамнан артық) кездесу өткізілді. Кездесуде әкімдіктің әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы мен Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Г.М.Есімбекова қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды түсіндіру, Орталықтың жүргізіп отырған жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға қатысуға кімнің құқығы бар, олардың қатысуына кімнің басым құқығы бар, «Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңы мен «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында қоғамдық жұмыстарға азаматтардың қатысуының шарты бар. Сонымен бірге, қатысушыларға 2018 жылғы 1 қарашаға дейін қоғамдық жұмыстарға өтінім берудің қажеттігі туралы мәлімет берілді. Кездесу барысында жұмыспен қамту орталығы туралы және байланыс мәліметтері бар жадынамалар мен кітапшалар таратылды.
Нұр Отан партиясының Алатау аудандық бөлімшесі 2018 жылғы 19 қыркүйекте Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 250 бос орындары ұсынылған, 20 жұмыс берушілер қатысты, олардың ішінде «Обис» ЖШС, «Мария» ЖШС, «Ramco construction» ЖШС, «ТойМарт» ЖШС және басқалары бар. Жәрмеңкеге жұмыс іздеп жүрген 150 азамат қатысты.Жәрмеңке қорытындысы бойынша 100 адамнан артығына кеңестер беріліп, 75 адамға жұмысқа орналасуға көмектесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама берілді, 5 адам жұмысқа орналастырылды.
Халықты жұмыспен орталығы Жәрмеңкеге қатысушыларды 2017-2021 жылдары іске асырылатын, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы (әрі қарай – Бағдарлама) шеңберінде жұмыспен қамтуға бағытталған белсенді шаралар туралы хабардар етті және кеңестер берілді. Іс-шара шеңберінде жұмыссыз азаматтарға «жастар практикасы», «әлеуметтік жұмыс орындары», «қоғамдық жұмыстар», «кәсіби бағдар беру», «атаулы әлеуметтік көмек» салаларында жұмысқа орналасу туралы ақпараттарымен буклеттерді тарату ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Жұмыспен қамту орталығының мамандары Бағдарламаның әрбір бағытының мүмкіндіктерін түсіндірді. Жергілікті жерлерде ескертпелер мен буклеттер таратылып, жұмыс іздушілерден 25 түйіндеме жиналды. Қатысушыларды Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығы арқылы Бағдарламаға белсене қатысуға шақырды. Тілек білдірушілер Жұмыспен қамту орталығына, мына мекенжайға келе алады: Назарбаев даңғылы, 50, Жібек Жолы даңғылының қиылысы.

 

Аймақ: 
Алматы қ.
20.09.2018