Call-center 1411

You are here

Байзақ ауданы Көктал ауылында қымыз өндіру

Арунов Женисбек Бейбитович, 1976 жылы 27 желтоқсанда туылған. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына қатысқанға дейінгі мәртебесі – өзін-өзі жұмыспен қамтылған жеке кәсіпкер. Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде ол кәсіпкер  несие жайында толық ақпарат алуға келді. Орталық маманның кеңесінен кейін өз ісін дамыту үшін 6000,0 мың теңге алуға ұйғарды. Толық құжаттар пакетін жинағаннан кейін, үміткер Тараз қаласындағы Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорына жолдама берілді. Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорының  келісімін алғаннан кейін кәсіпкер  6000,0 мың теңге несие алып, берілген несие арқылы 15 бас жылқы сатып  алған.  Мақсаты, малдың басын көбейтіп, қымызын сауып өз ісін кеңейтіп және  отбасылық жағдайын арттыру және отбасын жұмыспен қамту. Кәсіпкер Арунов Женисбек Бейбитович осындай мүмкіншілік беріп отырған мемлекетке, Елбасымызға алғысын айтады. Көп балалы отбасына, жағдайы төмен адамдарға  осындай жеңілдіктер көптен беріле берсе екен дейді кәсіпкер, және Халықты жұмыспен қамту орталығына ризашылығын білдіреді.

 

Аймақ: 
Жамбыл облысы
Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 19.09.2018