Call-center 1411

You are here

Ақтөбе қаласында жұмыс берушілерге электронды еңбек биржасын қолдану жөнінде оқыту жүргізілді

Халықты жұмыспен қамту органдарымен  а.ж 7 қыркүйегінде Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімшілігінде және 11 қыркүйегінде Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімшілігінде жұмыс берушілер арасында электронды еңбек биржасын қолдану мүмкіндіктері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізді. Кездесуге Ақтөбе қаласының ауылшаруашылық және ветеринария бөлімі, Ақтөбе облысының еңбек испекциясы басқармасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту және ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорының өкілдері, сонымен қатар 50 кәсіпорындар мен мекемелер қатысты.

Электронды еңбек биржасы – бұл бос жұмыс орындары мен азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін сандық алаң. Электрондық еңбек биржасы Enbek.kz интернет-ресурсы негізінде жұмыс істейді.

Ол үшін әрбір мекемеде ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) болуы қажет және бос жұмыс орындарын жариялап, азаматтарды жұмысқа орналастыру шараларын орындау керек.

Бүгінгі күнге 1138 бос жұмыс орындары және 1800 түйіндеме жарияланған, Электрондық еңбек биржасы порталы арқылы 412 адам жұмысқа орналасты.

Анықтама алу үшін Халықтық кеңсесінің 1 қабатында (Сәңкібай батыр даңғылы, 249) және Жұмыспен қамту орталығында (Ш.Уәлиханов көшесі, 12) жолығуыңызға болады. Ақпарат телефоны 21-44-74, 41-73-32

Жұмыс уақыты дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9-00 ден 18-30, түскі үзіліс 12-30 дан 14-00 аралығында жүргізіледі. 

Аймақ: 
Ақтөбе облысы
12.09.2018