Call-center 1411

You are here

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2018 жылдың 1 қыркүйек жұмысының қорытындысы туралы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) іс-шараларын іске асыруға 2018 жылы 7,8 млрд теңге көзделді. 2018 жылдың 1 қыркүйекке 5,6 млрд. теңге кезең жоспарынан – 100% игерілді. «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бірінші бағыт шеңберінде 2575 адам қаралды, олардың ішінде:
-техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 950 адам, қысқа мерзімді оқуға 1625 адам жоспарланған. 2018 жылдың 1 қыркүйекке қысқа мерзімді оқуға жоспардан 1604 адам немесе 98,7% нақты жолданды. Бағдарламаның үшінші бағытын әлеуметтік жұмыс орындарына 684 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 1167 адам жіберілді. жастар практикасына 489 адам, жастар практикасына 595 адам жолданды, қоғамдық жұмыстарға 3188 адамды, жұмысқа орналастыру көзделді, қоғамдық жұмыстарға 3385 адам жолданды.

 

Аймақ: 
Қостанай облысы
12.09.2018