Call-center 1411

You are here

Бос жұмыс орындарына жәрменке

Ағымдағы жылдың 24 тамызында «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»,«Қалалық жұмыспен қамту орталығы» бірлесіп «Бос жұмыс орындары  жәрмеңкесін»  ұйымдастырылды.   
Соңғы жылдары қала экономикасында орасан зор өзгерістер орын алуда, атап айтқанда еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі және жұмыспен  қамтылған  халықтың  тұрақты  өсуі  байқалады.
Жәрмеңке өткізудің мақсаты - жұмыс беруші мекемелер, ұжымдар, қоғамдық бірлестіктер Сіздердің араларыңыздан қажетті мамандар таңдауларына, ал жұмыс іздеушілерге  жұмысқа орналасуларына, сұхбаттасып жүздесулеріне ықпал  жасау.
Аталған іс-шараға қаладағы меншік түріне қарамастан барлық жұмыс беруші мекемелер, қоғамдық бірлестіктер, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен жастарды қолдау орталығының өкілдері қатысты. Жәрмеңкеге қаладағы 37 мекемеден 136 бос жұмыс орындары бойынша сұраныстар келіп түсіп, сұраныс берген мекемелердің басшылары мен персоналды басқару мамандары қатысты.

 

Аймақ: 
Қызылорда облысы
06.09.2018