Call-center 1411

You are here

Ақтөбе қаласында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді

24 тамызда ұйымдастырылған кезекті қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. Аталған іс-шара мақсаты - жұмыссыз, өзін-өзі қамтушы және аз қамтылған отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелерін еңбекпен қамтудың белсенді шараларына тарту.
Жәрмеңке қатысушыларына Бағдарлама аясында шағыннесие алу, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта даярлау курстарынан өту, жоғары, арнаулы-орта оқу орындары түлектеріне мамандықтары бойынша  еңбек  өтілін  жинақтау  мақсатында  жастар тәжірибесі ұсынылды және «Гүлдене бер,туған ел!» акциясы аясында жоғары сынып оқушылары мен студенттерді жазғы каникул кезінде қаланың абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына бағыттау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 76 мекеме құрылыс, сауда, аспазшы, денсаулық сақтау және қызмет көрсету салалары бойынша 809 жұмыс орны ұсынылды.
Бұл жәрмеңкенің ерекшелігі ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастамасымен бос жұмыс орындарына ие Мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатыстырылуда.
Жәрмеңкеге жұмыссыздар, аз қамтылғандар, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар және жұмыс іздеп жүрген барлық азаматтар шақырылды. Жәрмеңкеге 350 жұмыссыз азамат жолықты, жәрмеңке барысында жалпы 97 жұмыссыз азаматтарға жолдама берілді. Нәтижесі апталық мерзімде белгілі болады.
Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында  ағымдағы жылы 11 бос жұмыс орындары жоспарланды. Қала тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында жұмыспен қамту бөлімімен өткізілетін бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің кестесі бекітіліп, Ақтөбе қаласы әкімдігінің akimat_aktobe, жұмыспен қамту бөлімінің ozsp_aktobe инстаграмм парақшаларына жарияланды. Жыл басынан 6 кезекті және 5 мамандандырылған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде 650 адам жұмысқа  орналастырылды.

 

Аймақ: 
Ақтөбе облысы
25.08.2018