Call-center 1411

You are here

Бағдарлама шеңберінде жұмысқа орналасты

Жарекенов Айбек Мақсотұлы 1994 жылы Атырау облысы Жылыой ауданында дүниеге келген.  Айбек 2016 жылы Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орнында заңгер мамандығы бойынша оқуын аяқтап, 2017 жылдың мамыр айында Жылыой аудандық жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелді. Тіркелген мерзімде мамандығы бойынша жұмыс табылмағандықтан орталық арқылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде қысқа мерзімді оқуға өтініш білдірді. Өтініші қанағаттандырылып, ағылшын тілі бойынша 2 айлық оқу курсына жіберілді. 2017 жылдың маусым айында оқуын аяқтап, орталыққа түскен сұраныс бойынша «Өмірзақ Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне заңгер көмекшісі ретінде жұмысқа орналасты. Айбек бағдарлама бойынша оқу курсында алған білімінің жұмыс барысында көп пайдасы тигенін айтып, өз ризашылығын білдіруде. 

Аймақ: 
Атырау облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 20.08.2018