Call-center 1411

You are here

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша

Бағдарламаны жүзеге асыруға облысқа 6470,5 млн теңге қаражат бөлінді (республикалық бюджет есебінен 4614,8 млн. теңге, жалпы трансферттер есебінен 1855,7 млн. теңге). Ағымдағы жылғы 1 тамызына 16531 адам жұмыспен қамту орталығына жолығып, соның ішінде 13985 адам Бағдарламаға қатысушы құрамына енгізілді (8669 адам (61,9%) жұмыссыз, 1199 адам (8,6%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 4117 адам (29,4%) жұмыс іздеуші тұлға) Бағдарламаға қатысушылар қатарындағы 29 жасқа дейінгі жастағы жастардың үлесі 31,3 % (4375 адам), әйелдердің үлесі – 51,0% (7145 адам), аз қамтылғандардың үлесі 12,3% (1719 адам), мүмкіндігі шектеулі адамдардың үлесі – 3,3% (465 адам) құрайды.
Бағдарламаның 1 бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға облыстың 13 білім беру ұйымдарында 36 мамандық бойынша 800 адамды оқыту жоспарланды. Оқыту ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен басталады.
Сонымен қатар, облыстың 23 колледжі мен 13 оқу орталығына жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 1500 адамды жолдау мақсатында 239,2 млн. теңге бөлінді. Есепті кезеңге 1232 адам оқуға жолданды, 527 адам оқуларын аяқтады, 122 адам жұмысқа орналастырылды, немесе 23,1%.
Бағдарламаның 2 бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша 645 адамға 4 293,9 млн. теңге көлемінде несие беру, 26 адамға 100 АЕК дейін гранттар беру жоспарланды.
Ағымдағы жылдың 1 тамызына 404 адам 1877,3 млн. теңге көлемінде несие берілді(соның ішінде қала бойынша 37 адамға 416,5 млн. теңге 2017 жылдың қаражатынан). Сонымен қатар, 12 аудан бойынша «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 2071 адамды оқыту жоспарланып, 1050 адам жолданды, солардың ішінен 915 – і оқуларын аяқтап, 258-і несие алды.
Бағдарламаның 3 бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» аясында: - 770 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, есепті кезеңге 921 адам жолданды, соның ішінде Бағдарлама аясында 652 адам; - 1314 жас маманды жастар практикасына жолдау жоспарланып, есепті кезеңге 1018 адам жолданды, соның ішінде Бағдарлама аясында 704 адам;
- 5067 адамды ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту көзделіп, есепті кезеңге 3906 адам тартылды. Жаңа Бағдарламаны іске асыру барысында жыл соңына қарай жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0% (2018 жылдың I тоқсанына 4,9%), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,0% (2018 жылдың I тоқсанына 4,0%), әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,4% (2018 жылдың I тоқсанына бойынша 5,2%) құрайды деп жоспарлануда.

 

Аймақ: 
Батыс Қазақстан облысы
09.08.2018