Call-center 1411

You are here

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын түсіндіру бойынша Алматы қаласының жұмыс берушілерімен кездесу өткізілді

Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын түсіндіру бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр. 2018 жылғы шілденің 23-і мен 27-і аралығындағы кезеңде 400-ден аса жұмыс берушілермен көшпелі кездесулер өткізілді.
Кездесу барысында Орталық мамандары Алматы қаласында іске асырылатын, бағдарламаның негізгі бағыттары туралы айтып берді. Жұмыс берушілер қатыса алатын, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар тәжірибесіне, қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жұмыс берушілер аталған бағыттар бойынша бағдарламаға енгізілген шарттармен таныстырылды.
Жұмыс берушілер ағымдағы бос орындар мен болжанған жұмыс орындарын базаға енгізу үшін, талап етілген мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді ұсынды.Кездесу барысында мамандар Жұмыспен қамту орталығының жаңа жұмыс әдістері туралы айты берді. Бос орындарды жаңа электрондық форматында қызметкерлер таңдаудың нақты байланысысыз тіркеудің жеңіл тәртібі енгізілді. Жұмыс беруші enbek.kz порталына өздігінен бос орындарды орналастыра алады немесе жұмыс іздеушіге өзі шығып, Жұмыспен қамту орталығына хабарласа алады. Жұмыс берушілер үшін Жұмыспен қамту орталығы әлеуетті үміткерлермен сұхбаттасу өткізу үшін өз алаңын ұсынады.Кездесуге қатысушыларға Жұмыспен қамту орталығы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын түсіндіру бойыншажадынамалар мен кітапшалар таратты.

Аймақ: 
Алматы қ.
01.08.2018