Call-center 1411

You are here

Мамлют ауданында қоныс аударушылардың ірі қара мал өсіруі

Сүттібаев Нұрсейіт Бөрібайұлы 1969 жылы туған, әйелі және балаларымен Мақтарал ауданының Табай ауылында тұрды.Оның мамандығы тракторшы. Өсімдік шаруашылығымен айналысты, мақта және бақша дақылдарын егумен айналысты, кейін Шымкент қаласына көшті. Бес баласын өсіріп, ересектері өз отбасын құрды,кенже қызы мектепте (бастапқы сыныпта) оқиды.
 Мал шаруашылығымен айналысуды армандаған болатын, алайда қалада мал ұстау мүмкін болмай, жемазық та қымбат болды, көшіп, мал өсірумен айналысуға жер іздеді. Бірде отбасында балаларының келешегін ойлап, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатысып, кәсіпкерлік әлеуеті бар еңбекқор азаматтарға ісін жүзеге асыруға мол мүмкіндіктер беретін еліміздің Солтүстік өңіріне көшуге бел буды. 2016 жылы Сүттібаевтардың отбасы Мамлют ауданының Покровка ауылына көшіп келіп, өзіне жаңа іс – ірі қара мал өсірумен айналысты. 2017 жылы отағасы ауданның Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінді, ондағы мамандар Нұрсейіт Бөрібайұлына кеңес беріп, бизнес-жоспар жасауға және қажетті құжаттар топтамасын дайындауға көмектесті.Кепілдік мүлкі - Шымкент қаласындағы үйін бағалағаннан кейін жоба «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ-ға жіберілді. Бизнесін жаңа бастаған Нұрсейіт 6,5 жыл мерзіміне 6 млн.теңге мөлшерінде кредит алды. Отбасы осы қаражатқа 12 айдан 48 айға дейінгі жастағы жергілікті тұқымды 21 бас ірі қара мал және қажетті жемазық сатып алды.Ағымдағы жылғы көктемде шаруашылықтағы мал төлдеді. Қазіргі кезде артық сүтті жергілікті сүт жинаушыларға тапсырады. Балалары Нүркен мен Оралхан малды күтуге қолғабыс тигезуде. Нұрсейіт Бөрібайұлы өз ісінің жемісті өркендеуіне үмітті.

 

Аймақ: 
Солтүстік Қазақстан облысы
Мал шаруашылығы
, 20.07.2018