Call-center 1411

You are here

Бағдарламаны іске асыру барысы туралы 2018 жылдың 1-ші шілдесіне ақпарат

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» (ары қарай - Бағдарлама) аясында 2018 жылға барлығы 11,8 млрд.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 5,3 млрд.теңге, жергілікті бюджеттен 6,5 млрд.теңге бөлініп, 15762 адамды қамту жоспарланған болатын.
Ағымдағы жылдың 1-шілдесіне жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 16396 адам тартылды, соның ішінде ваканттық бос жұмыс орындарына - 6054 адам орналасып, әлеуметтік жұмыс орындарына - 1173 адам, жастар практикасына 1399 түлек, ақылы қоғамдық жұмыстарға 3754 жұмыссыз тартылды, 2890 адам қысқа мерзімді курстарға жолданып, 836 адам «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жіберілді, 290 адам микрокредит алды.
«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» атты Бағдарламаның 1-ші бағыты аясында 2018 жылы барлығы 4870 адамды оқытуға 1375,4 млн.теңге бөлінді. Соның ішінде 770 адамды кәсіптік даярлауға 640,4 млн.теңге (өткен жылдан оқуын жалғастырушыларды қоса есептегенде) қаралды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарында 4100 адамды оқыту үшін 735,0 млн.теңге қаралды. Осы қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру үшін Тараз қаласы және аудандардың ұсыныстары негізінде 47 мамандық бойынша 41 білім ұйымдары белгіленді. Қысқа мерзімдік курстар сәуір айында басталып, а.ж. 1 шілдесіне 2890 адам оқуға жолданды.
Жамбыл облысында 2018 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» жаппай кәсіпкерлікті дамыту – 2-ші бағыты аясында барлығы 3453 адамды қамтуға 5679,2 млн.теңге қаржы бөлінді (шағын несиеге - 5343,6млн.теңге, несиені кепілдендіруге – 303,9 млн.теңге, субсидиялауға – 31,7 млн.теңге). Бұл бағыт аясында азаматтар алдымен кәсіпкерлер палатасы арқылы кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады. Биыл «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша барлығы 2336 адамды кәсіпкерлікке оқыту жоспарланып, 01-ші шілдеге 836 адам оқытылды. Микрокредит бойынша ауыл мен қалада барлығы 5343,6 млн.тегенің шағын несиесі 1117 адамға беріледі деп жоспарлануда (ауылда – 1011 адамға 4111,0 млн.теңге, қалада – 106 адамға 1232,6 млн.теңге). Соның ішінде 1011 ауыл тұрғындарына несие беруге барлығы 4111,0 млн.теңге (республикалық бюджеттен - 4111,0 млн.теңге) қаралып, несиелік шарттарға қол қойылып, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» облыстық филиалына - 1266,6 млн.теңге, Аграрлық несие корпорациясына 844,4 млн.теңге қаржы аударылып, несиелендіру жұмыстары басталуда.
Шағын несиеге барлығы 5,3 млрд.теңге (5343,6 млн. теңге) бөлініп, 1117 адамға несие беру жоспарланды. Оның ішінде 1011 ауыл тұрғындарына несие беруге 4111,0 млн.теңге, шағын несиені кепілдендіруге – 215,6 млн.теңге, микроқаржы ұйымдары шығыстарын субсидиялауға – 31,7 млн.теңге қаралды. Қалада 106 адамға шағын несие беруге барлығы 1,2 млрд.теңге (1232,6 млн.теңге, о.і. республикалық бюджеттен - 699,2 млн.теңге, облыстық бюджеттен – 533,4 млн.теңге) қаралып, несиелеу«Даму» АҚ-ы арқылы екінші деңгейлі банктермен жүзеге асырылуда.А.ж. 1 шілдеге 1 адам 8,2 млн. теңгеге несие алып, жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі күнге 6 адам 52,0 млн.тг несие алды.
Бұдан бөлек, шағын қалаларда берілетін микрокредиттерді кепілдендіруге 88,3 млн. теңге қаралып отыр. «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» атты Бағдарламаның 3-ші бағыты бойынша 8556 адамды қамтуға 4764,3 млн. теңге бөлінді. Осы бағыт бойынша Бағдарлама аясында әлеуметтік жұмыс орындарынf барлығы 1144 орынға 202,4 млн.теңге қаралып, есепті кезеңде әлеуметтікжұмыс орындарына 1173 адам жолданды. Сонымен қатар, жастар практикасына барлығы 2153 орынға 661,8 млн.теңге қаралып, есепті кезеңде жастар практикасына 1399 түлек жолданды. Ақылы қоғамдық жұмысқа 4837 адамды тартуға жергілікті бюджеттерден 1354,6 млн.теңге қаржы қаралды. Ағымдағы жылдың 6 айында қоғамдық жұмыстарға   3754 адам   жолданды. Бағдарламаның осы бағыты аясында инфрақұрылымдық жобаларды, яғни жөндеу жұмыстарын жүргізуді іске асыру және осы жобаларда құрылған жұмыс орындарының кемінде 50%-на Бағдарламаға қатысушыларды жергілікті жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасымен жұмысқа орналастыру қарастырылған. Ағымдағы жылы  инфрақұрылымдық жобаларға 2545,5  млн.теңге бөлінді. 16 жобаны (білім саласы бойынша 15 жоба,  спорт   саласы бойынша 1 жоба) іске асыру жоспарланды. Осы жобаларда 844 жұмыс орындары ашылып, оның 50% (422 адам) жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасымен жұмысқа орналастырылатын болады.
Бүгінгі күнге барлығы 286 жұмыс орындары ашылса, оның 143-не немесе 50 пайызына жұмыспен қамту орталығымен жолданды. Сондай-ақ, «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру»,яғни жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатында Бағдарлама шеңберінде өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру қарастырылған.
Бағдарламаның бұл бағытын халық арасында кең көлемді түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Бүгінгі күнге СҚО, Павлодар, ШҚО, Қостанай облыстарынан келіп түскен сол өңірлерге қажетті мамандар бойынша ваканттық жұмыс орындарының тізімі тиісті жұмыстар жүргізу үшін барлық аудандық/қалалық жұмыспен қамту орталықтарына уақытылы жолданып отыр.

Аймақ: 
Жамбыл облысы
20.07.2018