Call-center 1411

You are here

Бағдарлама арқылы тұрақты жұмысқа орналасты

Сандыбай Ердос Бекзатұлы -1997 жылы туылған, Қызылорда облысы, Тереңөзек кентінің  тұрғыны.  И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжін 2017 жылы «ветеринария» мамандығы бойынша бітірген, жұмыссыз. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бағыты бойынша мамандығына сәйкес, 2018 жылдың сәуір айының 4-нен бастап, аудан орталығындағы ветеринария бөліміне жастар тәжірибесімен жұмыс жасауға жолдама берілді, өзін жақсы маман ретінде көрсете біліп, іс тәжірибе жинақтап, қазіргі уақытта  Шаған ауылдық округіне карасты ветеринария бөлімшесіне   мамандығы бойынша  2018 жылдың маусым айының 1-нен   бастап,  тұрақты жұмысқа орналасты.

Аймақ: 
Қызылорда облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 25.06.2018