Call-center 1411

You are here

Бағдарлама шеңберінде өз ісін ашты

Сүйесінова Ақбота Бейбітқызы. Мекен жайы: Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті.Сүйесінова Ақбота Бейбітқызы 18.06.1984 жылы Мақат кентінде дүниеге келді. Мамандығы ауыл шаруашылығы шебері. Отбасылы, 4 бала бағуда.
Сүйесинова Ақбота 2017 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді курска тігінші мамандығы бойынша оқыды. «Өрлеу» жобасына 6 ай мерзімімен қатысып 454 272 мың теңге көмек ақша тағайындалды. Сол көрсетілген көмек ақшамен тігетін іс машина сатып, алып өз кәсібін дөңгелетуде. Аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасында жеке кәсіпкер субьектісіне тіркелді. Ең бастысы жанұяма пайдамды тигізсем деп мақсат еткен Сүйесинова Ақбота, Елбасының мемлекеттік бағдарламасы арқылы өз кәсібін ашуға әр отбасы ұмтылса дейді. Ал, тынымсыз еңбектің арқасында болашағын бағдарлап, өз бетімен түтінін түтетіп отырған кәсіпкердің ісі бүгінде көпке үлгі.

 

Аймақ: 
Атырау облысы
Халыққа көрсетілетін қызметтер
, 25.06.2018