Call-center 1411

You are here

«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыруға облысқа;357,1 млн теңге қаражат бөлінді(республикалық бюджет есебінен 4614,8 млн.теңге, жалпы трансферттер есебінен 1742,3 млн. теңге. 2018 жылдың 1 маусымға 9484 адам Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізілді, оның ішінде 6438 адам (67,9%) жұмыссыз, 2652 адам (28,0%) жұмыс іздеушілер, 394 адам (4,2%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болып табылады. Бағдарлама аясында жыл басынан бері 4951 адам жұмысқа жұмысқа орналастырылды (оның ішінде тұрақтысы 3413 адам, 68,9%).
Бағдарламаның бірінші бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға облыстың 13 білім беру ұйымдарында 36 мамандық бойынша 800 адамды оқытуға 724,2 млн. теңге (соның ішінде өткен жылдан оқуларын жалғастырушы 774 адамды оқытуға 157,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 172,2 млн. теңге).
Оқыту ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен басталады. Сонымен қатар, облыстың 23 колледжі мен 13 оқу орталығына жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 1500 адамды жолдау мақсатында 239,2 млн. теңге бөлінді. Есепті кезеңге 875 адам оқуға жолданды. Бағдарламаның 2 бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша 645 адамға 4 293,9 млн. теңге көлемінде несие беру (соның ішінде ауылдық жерде 585 адам – 4014,5 млн.теңге, моноқалаларда, кіші қалаларда кәсіпкерлікті дамытуға 26 адам – 279,4 млн.теңге, 34 адам қайтарылған қаражт есебінен, 26 адамға 100 АЕК дейін гранттар беру жоспарланды.  
Ағымдағы жылдың 1 маусымға 83 адамға 554,0 млн. теңге көлемінде несие берілді (ауыл бойынша 64 адам 262,8 млн. теңге көлемінде, қала бойынша 19 адамға 291,2 млн.тенге 2017 жылдың қаражатынан). Сонымен қатар, 12 аудан бойынша «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 2071 адамды оқыту жоспарланып 528 адам жолданды, солардың ішінен 421 – і оқуларын аяқтап, 9-ы несие алды.
Бағдарламаның үшінші бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша: - 770 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына жолдаужоспарланып, есепті кезеңге 865 адам жолданды (626 адамға міндетті зейнетақы жарналары аударылған), соның ішінде Бағдарлама аясында 617 адам (РБ бөлінген қаражат 117,9 млн. теңге),жұмыстарын аяқтаған 55 адамның 11-і тұрақты жұмысқа орналастырылды; - 1314 жас маманды жастар практикасына жолдау жоспарланып, есепті кезеңге 673 адам жолданды (адамға міндетті зейнетақы жарналары аударылған), соның ішінде Бағдарлама аясында 442 адам (РБ бөлінген қаражат 194,8 млн. теңге+ТОХ 138,8 млн.теңге) жұмыстарын аяқтаған 206 адамның 24-і тұрақты жұмысқа орналастырылды; - 5067 адамды ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту көзделіп, есепті кезеңге 3056 адам тартылды (2585 адамға міндетті зейнетақы жарналары аударылған, жұмыстарын аяқтаған 1705 адамның 143-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Жұмыспен қамту орталықтарын қамтамасыз етуге 247,8 млн. теңге бөлінді, Бағдарламаны ақпараттық сүйемелдеу үшін 1,9 млн. теңге бөлінді.дық деңгейі 4,0% (2018 жылдың I тоқсанына 4,0%), әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,4% (2018 жылдың I тоқсанына бойынша 5,2%) құрайды деп жоспарлануда.

 

Аймақ: 
Батыс Қазақстан облысы
21.06.2018