Call-center 1411

You are here

Қызылжар ауданында көкөніс шаруашылығын дамыту

Ноян Маратұлы Төлегенов 1973 жылы 05 тамызда Сергеевка қ. туған. Мектепті аяқтауымен Кеңес Одағының Қарулы Күштері қатарына шақырылды. Жоғары білімді, үйленген, екі баланың әкесі.
2016 жылы Сергеевка қаласынан Қызылжар ауданының Якорь селосына көшіп келді.2017 жылы «Н.М.Төлегенов» ЖК ашты, сол жылы Ноян Маратұлы көкөніс шаруашылығын дамытуға 5 жыл мерзімге 9 миллион теңге көлемінде микрокредит алды. Алынған қаражатқа Ноян Маратұлы тамшылатып суармалау үшін жабдықтар, трактор, топырақ өңдейтін жабдық, қопсытқыш, тұқым және тыңайтқыштар сатып алды.
Ол 11 гектар  егістік алқабында сәбіз және қызылша өсіріп отыр. Егістікті өңдейтін жұмысшыларды Новокаменка селосынан күн сайын жеткізіп отыруын ұйымдастырды.

Аймақ: 
Солтүстік Қазақстан облысы
Өсімдік шаруашылығы
, 15.06.2018