Call-center 1411

You are here

"Сотталып шыққан азаматтарды жұмыспен қамту және бағдарламаларға тарту» атты тақырыпта өткен жиналыс бойынша ақпарат

2018 жылы 6 маусымда Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Сотталып шыққан азаматтарды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларға тарту» бойынша Алатау ауданы бойынша.пробация мекемесінде есепте тұратын азаматтармен арнайы жиналыс өткізілді.
Жиналысты Алатау ауданы әкімінің орынбасары С. Ағыбаев кіріспе сөз сөйлеп ашып, осы өткізіліп отырған жиналыстың негізгі мақсатын түсіндірді.
Жиналысқа, аудандық Прокуратура, Пробация, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлер өкілдері қатысты.жиналыстың негізгі мақсаты, ол сотталып шыққан азаматар мен пробация есебінде тіркеуде тұратындарға мемлекет тарпынан берілетін әлеуметтік көмектер мен жұмыспен қамту саласы бойынша  көрсетілетін қызметтерді түсіндіру.
Өткізіліп отырған жиналыста аудан Прокуратурасының өкілі осы аталып отырған тақырып бойынша заңнамаларға сәйкес жүргізілетін шараларды айтып, ал Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы әлеуметтік сала  бойынша пробация есебінде тұратын азаматтарға берілетін көмектерді түсіндірді. Сонымен қатар Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы К. Жекетаев сөйлеп, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы арқылы қатысып отырған азаматтар үшін жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтерге тоқталып, толығынан түсінік берді. Жиналыс соңында қатысып отырған пробация есебінде тұратын азаматтардан сұрақтар қойылды. Қойылған сұрақтарға толықтай жауаптар берілді.
Азамат Липих Максим Сергеевич өзінің жағдайын айтып, осы пробацияда есепте тұратынын және жұмыспен қамту саласына хабарласып бірнеше жыл бойы жұмыс таппай қиналып жүргенін айтты. Осы мәселеге байланысты, жұмыспен қамту саласында қазіргі таңда мемлекет тарапынан көрсетілетін белсенді шаралар арқылы қысқа мерзімдік оқу курсына қатысып мамандық алып шығуға ұсыныс берілді.Жиналыс соңында, аудан әкімінің орынбасары С. Ағыбаев қорытынды сөз сөйлеп, осындай кездесулерден кейін атқарылатын алдағы уақыттағы  жұмыстарға тоқтала келе, пробация есебінде тұратындарға мемлекет тарпынан жан-жақты көрсетілетін көмектерді пайдаланып, келешекте дұрыс өз жолдарын табатындарына сенім білдірді.

Аймақ: 
Алматы қ.
11.06.2018