Call-center 1411

You are here

Мектеп оқушыларына 2017- 2021ж. арналған Бағдарламасы түсіндірілді

Кезекті кездесу № 15 және № 24 мектептердің түлектерімен өтті. Сонымен бірге балаларға қалалық Жұмыспен қамту орталығының қызметі туралы ақпарат берілді.
– Мамандық таңдау, – әрбір адамның маңызды қадамы, өйткені ол оның тағдырын әрі қарай айқындайды. Жұмыспен қамту орталығының маманы Жәния Тұрғынова 9, 10, 11-шы сыныптар арасында мамандықты өзі таңдауы бойынша сауалнама жүргізді.
Жоғары сынып оқушыларының - «Сіз өзіңіз үшін болашақ мамандыққа дайындық түрінде не жасай алдыңыз?». Яғни, оқушылардың 3,2% мұнда қажеттілікті көрмейді; 4,5% бір нәрсе жасағысы келеді, бірақ неден бастайтынын білмейді; 24,2% жартылай дайын және 58,0% болашақ мамандыққа дайын. Осылайша, кәсіптік оқыту мамандары оқушылармен сұхбаттасты, оларға мамандық таңдауда, өз мүмкіндіктері мен болашақта білім алуларын түсінуге көмектесті.
– Мамандық таңдаудағы тиімділігі көбінесе мамандықтың қаншалықты мінсіздігі мен оқушыларға ұнайтынына байланысты, және болашақ мамандық адамның психологиялық түріне сәйкес келуі керектігі туралы Жәния Тұрғынова атап айтты.
– Егер адам өзіне ұнамайтын жұмысты істесе, онда оған қарсы тұра алмай, барлық күш-жігері кетіп қалады. Уақыт өте өмірдің мағынасы жоғалып, селқостық басым болады. Кездесу барысында оқушылар Жұмыспен қамту орталығы мамандарынан тақырыптық брошюралар мен өз сүрақтарына толық жауаптарын алды. Сұхбаттасу байланыс мәліметтерін алмасумен аяқталды.

Аймақ: 
Алматы қ.
30.05.2018