Call-center 1411

You are here

«Еңбек» Бағдарламасының 2018 жылдың сәуір айында іске асырылуы туралы ақпарат

«Еңбек» "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы" шеңберінде 2018 жылы 90216 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарлануда.
Сәуір айында 26861 адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді. Бағдарламаға қатысушылар қатарынан: - 13424 адам жұмыссыздар (50,0%); - 2418 адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар (18,0%).
Жұмыссыздар және өзін өзі қамтыған азаматтар ішінен 12640 адамы аз қамтылғандар (47%), 10915 адам жастар (40,6%), 698 адам мүмкіндігі шектеулі азаматтар (2,6%). Бағдарламаны жүзеге асыруға 12,5 млрд. теңге қаралды (республикалық бюджет есебінен- 6,9 млрд.теңге, жергілікті бюджет есебінен – 5,5 млрд. теңге).
Бөлінген қаржының 5815,3 млн. тенгесі игерілген.
Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде (Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету) 11784 адамды оқуға жолдау жоспарланған. 1. Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға - 4584 адам (оқу мерзімі орта есеппен 2 жыл 5 ай), оқу қыркүйек айында басталады. 2.Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға-7200 адам. Шымкент қаласы бойынша 922 адам оқуға жолданды.
Екінші бағыт (Жаппай кәсіпкерлікті дамыту) бойынша жалпы 4296 адам қамтамасыз етіледі. Олар: - 3400 адам Бизнес-Бастау жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерге оқуға жолдау; - 419 адамды шағын несиелеу жоспарлануда (166 адам қала тұрғындары, 253 ауыл тұрғындары); - 295 адам қайтарылған қаржы есебінен шағын несиелеу; - 182 адамға грант беру. Ауыл тұрғындары бойынша 2018 жылдың сәуір айында келісім шарттар түзілді: - шағын несиелеу бойынша «Агронесие корпорациясы» АҚ 1,3 млн теңге, «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры»АҚ 1,9 млн теңгеге; - шағын несиелеуге кепілдік беру операциялық шағындарды субсидиялау бойынша «Каз Агро гарант» АҚ 470,0 млн теңге келісім шарт түзілген.
Қала тұрғындары бойынша 2018 жылдың сәуір айында «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорымен 827080,0 мың теңгеге келісім шарт түзілген (615168 мың теңге шағын несиелеу, 211912 мың теңге шағын несиелеуге кепілдік беру).
Сондай-ақ, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру бойынша 182 адамға республикалық бюджеттен 43 177,0 мың теңге бөлінді.
Үшінші бағыт (Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту) шеңберінде 74136 адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарлануда, оның ішінде: - 6707 адам жаңа жұмыс орындарына; - 51889 адам бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасады; - 4200 адам әлеуметтік жұмыс орндары; - 5000 адам жастар практикасы; - 6340 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданады. 2018 жылдың суәір айында 25939 адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді. Оның ішінде: - 15181 адам бос және жаңа жұмыс орындары; - 4324 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды; - 3217 адам жастар практикасы; - 3217 адам ақылы қоғамдық жұмыс орындарына жолданды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2018 жылдың қорытындысымен жұмыссыздық деңгейі 5,3%, жастар жұмыссыздығы 4,4%, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 6,5% аспайтындығы жоспарлануда.

Аймақ: 
Оңтүстік Қазақстан облысы
27.05.2018